news

XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындылары.

2026-04-21 | Ғылым

        Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталған зияткерлік сайыста Shakarim University атынан «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының 6В07103 – «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша ТЭ-2402 тобының студенттері Амандинова Аружан мен Карпов Вадим қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша команда теориялық білім мен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетіп, командалық есепте 3-орынды иеленді. Сонымен қатар, Амандинова Аружан жеке есепте кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін дәлелдеп, 3-орынға ие болды. Бұл жетістіктер студенттердің жүйелі дайындығы мен ғылыми жетекшілер — Степанова О.А. және Мясоедова Е.Н. тарапынан көрсетілген сапалы ғылыми-педагогикалық қолдаудың нәтижесі болып табылады.

        Олимпиадаға қатысу және қол жеткізілген нәтижелер университеттің сапалы білім беру қағидаттарын ұстанатынын, жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға және энергетика саласының тұрақты дамуына үлес қоса алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталғанын көрсетеді.

Бөлісу