Дуалды білім беру аясындағы жылуэнергетик мамандарын тәжірибеге бағыттап даярлау
2026 жылғы 10 сәуірде ГКП «Теплокоммунэнерго» базасында НАО «Шәкәрім Университетінің» «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Суды дайындаудың физика-химиялық әдістері» пәні бойынша ашық сабақ өтті.
Сабақты зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы Алима Мұратқазыевна Ногайбаева жүргізді. Сабақ барысында студенттер кәсіпорында қолданылатын заманауи су дайындау технологияларымен және өндірістік үдерістердің ерекшеліктерімен танысты.
Іс-шара студенттердің тәжірибелік дағдылары мен кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған дуалды білім беру аясында өтті. Айта кету керек, аталған білім беру бағдарламасының көптеген түлектері бүгінде ГКП «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнында табысты еңбек етуде, бұл олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Сол күні студенттерге микробіліктіліктерін растағаны үшін біліктілік куәліктері табысталды. Бұл олардың кәсіби қызметке дайын екенін айқындайды.
Университет пен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық мамандар даярлау сапасын арттыруға және саладағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.