news

«Атом энергетикасы: білім мен өндірістің интеграциясы»

2026-03-02 | Жаңалықтар

2026 жылғы 2 наурызда «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасында «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері үшін «Атом энергетикасы: білім мен өндірістің интеграциясы» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шара білім сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және оқу процесін өндірістік практикамен үйлестіруге ықпал етті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мамандары шақырылып, Қазақстандағы атом энергетикасының даму бағыттары, заманауи ғылыми зерттеулер және түлектердің кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Бұл жоғары технологиялық салалар үшін білікті мамандар дайындауға септігін тигізді.

Студенттерді білім беру траекториялары бойынша бөлу мәселесіне ерекше назар аударылды:

  • «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар»
  • «Төмен температуралар техникасы мен физикасы».

Мамандар әр траекторияның ерекшеліктерін, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін және оқу процесін өндіріс пен ғылыми зерттеулермен ықпалдастырудың маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара студенттердің мамандану бағытын саналы таңдауға, кафедра мен еліміздің жетекші ғылыми ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ тұрақты энергетика мен ұлттық ғылыми әлеуетті дамытуға ықпал етті.

Бөлісу