news

Шәкәрім университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде.

2026-02-18 | Ғылым

Шәкәрім университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып, студенттерге жаһандық академиялық ортада дамуға нақты мүмкіндіктер ұсынып келеді. Бұл, әсіресе, қыз студенттердің білім алуына және кәсіби дамуына жағдай жасау арқылы ЦУР 5 – Гендерлік теңдік мақсаттарына үлес қосады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының ТЭ-301 тобының студенттері Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Реджеп Тайип Эрдоган университеті (Ризе қ.) базасында білім алуда. Заманауи инженерлік білім беру бағдарламалары бойынша оқу оларға жаңа кәсіби құзыреттерді меңгеруге, ғылыми көкжиектерін кеңейтуге және мәдениетаралық коммуникацияның құнды тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Бөлісу