XXI -ші «Қазақстанның ядролық әлеуеті» жастар семинары
2025-12-10 | Жаңалықтар
Техникалық физика бағдарламасының студенттері Аяулым Мұқашева мен Ақнұр Рахметоллаева «Қазақстанның ядролық әлеуеті» (08.12.2025) атты 21-ші жастар семинарына қатысты. Семинарға Қазақстан Республикасының ядролық саласының жас мамандары тікелей қатысты, олар өздерінің өндірістік қызметінен басқа, өз кәсіпорындарында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр.
Біздің қатысушыларымыз өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, барлық сұрақтарға жауап берді және өз зерттеулерінің нәтижелері үшін жоғары баға алды. Айта кету керек, ұсынылған материал Шәкірім университетіндегі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда, 7-ші ТДМ «Қолжетімді және таза энергия» сәйкес келеді және нәтижелерді бағалау олардың 4-ші ТДМ «Сапалы білім» сәйкестігін растады.

