II Халықаралық өнеркәсіп және технология саласындағы әйелдер конгресі

2025 жылдың 8-9 желтоқсанында Астанада II Халықаралық өнеркәсіп және технология саласындағы әйелдер конгресі өтті. Іс-шара әйелдердің өнеркәсіп саласына интеграциялануындағы жаһандық үрдістерге, жас мамандарға тәлімгерлік етуге және әйелдердің өзекті мәселелері бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне арналды. Іс-шараға техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Ольга Степанова қатысты. Шәкірім университеті өз қызметінің барлық салаларында тұрақты даму саясатына берілгендіктен, бұл конгресс қазіргі қоғамды дамытудың басым бағыттарын талқылаудың бірегей мүмкіндігі болды және көтерілген мәселелер БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен (4-ТДМ «Сапалы білім беру», 5-ТДМ «Гендерлік теңдік», 7-мақсат «Қолжетімді және таза энергия» және 9-ТДМ «Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым») толық сәйкес келді.
