Аккредитация 2025
Шәкәрім университетінде энергетика мамандарын даярлауда БҰҰ-ның «Қолжетімді және таза энергия» және «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу басымдық болып табылады. Тиісті білім беру бағдарламаларын әзірлеу және дуалды оқытуды енгізу факультет жұмысының негізгі құрамдас бөліктері болып табылады. Бұл табысты жұмыс 6B07103 - Жылу энергетикасы, 7M07101 - Жылу энергетикасы, 6B05303 - Техникалық физика, 7M05302 - Техникалық физика және 8D05302 - Техникалық физика білім беру бағдарламаларының бес жылдық халықаралық аккредитациясымен расталады.
Сондай-ақ, 6B07103 - Жылу энергетикасы білім беру бағдарламасы Еуропадағы инженерлік білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкес келетінін ресми түрде растайтын беделді еуропалық сапа белгісі EUR-ACE®️ алғанын атап өткен жөн.




