news

ҚР Ұлттық ядролық орталығындағы ҒЗТКЖ XXIV конференция-байқауы

2025-05-22 | Ғылым

2025 жылғы 21–23 мамыр аралығында Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК базасында ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ бойынша XXIV конференция-байқауы өтті.

Дәстүр бойынша конференцияға «Шәкәрім университетінің» студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысып, өз зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ұсынылған баяндамалар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары – «Қолжетімді және таза энергия» және «Сапалы білім беру» бағыттарына толық сәйкес келеді.

Мұндай іс-шараға қатысу – әріптестермен тәжірибе алмасуға, ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен танысуға үлкен мүмкіндік.

Биыл «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының студенті Қадырболат Нұрлаттың, «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының докторанты Жасұлан Айнұрдың және инжиниринг орталығының жетекшісі Кусаинов Ринаттың баяндамалары ерекше атап өтілді.

Жаңа жетістіктер мен ғылыми жаңалықтар тілейміз!

Бөлісу