Шәкәрім университетінің AAPM-2025 конференциясындағы қатысуы: энергияны үнемдейтін технологияларды зерттеу.
2025 жылғы 18 желтоқсанда «Шәкәрім университетінің»КеАҚ өкілдері Бухарский мемлекеттік университеті (Бухара, Өзбекстан Республикасы) базасында IV Халықаралық «Achievements in Applied Physics and Mathematics – 2025 (AAPM-2025)» конференциясына қатысты. «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Қадырболат Нұрлат Ерболұлы 45 болаттың электрофизикалық және трибомеханикалық қасиеттеріне электролит-плазмалық қатайтудың әсеріне арналған баяндамасын ұсынды. Зерттеу энергияны үнемдейтін және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін технологиялардың әлеуетін көрсетіп, жабдықтардың тиімділігін арттыруға және энергияны тұрақты пайдалануға ықпал етеді, бұл тікелей тұрақты даму мақсаттары мен өнеркәсіптегі инновациялармен байланысты. Мақала (№ AAPM-2025-2006) Springer Proceedings in Physics сериясына жариялауға қабылданып, Scopus (Q4) дерекқорында индекстелетін болды, бұл университеттің және студенттің халықаралық ғылыми мойындалуын растайды.