news

«Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының аға оқытушысы Нургалиева Д.Н.-ның семинарға қатысуы.

2025-12-08 | Ғылым

 2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) қолдауымен «Атом энергиясы: адам ресурстары мен кадрларды дамытуды жоспарлау, оның ішінде адам ресурстарын дамыту стратегиясы мен жоспарлары» тақырыбында мамандандырылған семинар өтті. Аталған іс-шараға «Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының аға оқытушысы Нургалиева Д.Н. қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – атом энергетикасы саласындағы кадрлық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың заманауи тәсілдерін талқылау, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша халықаралық тәжірибе алмасу болды. Іс-шара барысында Египет, Беларусь, Түркия және Венгрия елдерінің атом станцияларының өкілдері өз жетістіктерін таныстырып, кадрлық әлеуетті дамытудағы үздік тәжірибелерімен бөлісті және атом энергетикасы саласына инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы тәжірибелерін ұсынды.
Нургалиева Д.Н.-ның бұл семинарға қатысуы кадрлық қамтамасыз етуді стратегиялық жоспарлау саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық және әдістемелік білімін тереңдетуге, сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты.
Семинарға қатысу «Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыруға елеулі ықпал етіп, жоғары технологиялық салаларға кадрлар даярлау ісінде әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи білім беру мен әдістемелік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу