Диссертациялық кеңестің отырысы
05.12.2025 ж. «Шәкәрім университеті» КЕАҚ-да «Физикалық және химиялық ғылымдар» бағыты бойынша диссертациялық кеңестің отырысы өтті. Отырысты ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Батырбеков Ерлан Ғадлетұлы төрағалық етті.
Отырыста ізденуші Медет Төлеуғалиевич Идинов философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысын таныстырып, зерттеу барысында алынған өзекті ғылыми нәтижелерді, оның теориялық және практикалық маңыздылығын баяндап берді.
Ашық талқылау мен дауыс беру нәтижесінде диссертациялық кеңес Комитетке М. Т. Идиновқа «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы оң қорытынды жолдау жөнінде шешім қабылдады.
Диссертация тақырыбы:
«Қорғаныс экрандаушы материалдары ретінде CuBi/CuBi2O4 негізіндегі модификацияланған композиттік пленкалар.»
Білім беру бағдарламасы: 8D05302 – «Техникалық физика».
Диссертациялық жұмыс «Шәкәрім университеті» КЕАҚ-ның «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасында орындалған.
Ғылыми кеңесшілері:
1. Қасымов Аскар Бағдатұлы – философия докторы (PhD), Басқарма мүшесі, «Шәкәрім университеті» КЕАҚ стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры.
2. Козловский Артём Леонидович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ядролық физика институты Астана филиалының қатты дене физикасы зертханасының меңгерушісі.
Ізденушіні және ғылыми кеңесшілерін табысты қорғаумен құттықтай отырып, алдағы ғылыми ізденістерінде толайым табыстар тілейміз!