news

Профессор М.Ғ. Яшкарова атындағы химия пәні бойынша облыстық олимпиада.

2025-12-03 | Ғылым

025 жылғы 28 қараша күні «Шәкәрім университеті» КеАҚ Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебі және «Химия және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен профессор М.Ғ. Яшкарова атындағы химия пәні бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абай облысының 51 мектебі қатысты. Атап айтқанда, Курчатов қаласы, Аягөз қаласы, Жарма, Бесқарағай және Жаңа-Семей аудандарының білім беру ұйымдары белсенді қатысым танытты. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жоғары нәтиже көрсетті: 11-сынып бағытында университеттің бір жылдық оқу грантын жеңіп алған – «Jas Abay» мектебінің оқушысы Қалиасқар Бекболат; 11-сынып бойынша І орын иегері – Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Байботаев Нұрәли; 10-сынып бойынша І орын иегерлері – Экономикалық лицей оқушысы Осадчий Иван және №6 гимназия оқушысы Алиева Дина. Олимпиада облыс мектептерінің дарынды оқушыларын анықтауға және оларды ғылыми бағытқа ынталандыруға өз үлесін қосты. Университет аталған іс-шараға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіреді.

Бөлісу