news

Студенттің волейболдан жоғары нәтижесі.

2025-10-22 | Құттықтау

Құттықтаймыз! 2025 жылдың қазан айында Семей қаласында өткен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасындағы волейболдан қалалық біріншіліктің қорытындысы бойынша ТЭ-301 тобының студенті Молдабеков Әбілмансұр Мирасұлы өз командасымен бірге жоғары нәтижеге қол жеткізіп, І орын иеленді. Әбілмансұр Мирасұлының бұл жетістігі оның спорттағы табандылығының, кәсіби дайындық деңгейінің және командалық өзара әрекеттестік қабілетінің айқын көрсеткіші болып табылады. Ол жарыс барысында жоғары ойын шеберлігін танытып, команда жеңісіне елеулі үлес қосты. Студентті лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа спорттық белестерді бағындыруына және табыстарға қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз.

Бөлісу