Жаңа спорттық жетістік.
2025-11-22 | Құттықтау
2025 жылғы 22 қарашада Байнүкенов Мерей Қазбекұлының 40 жасқа толу мерейтойына арналған ерлер арасындағы облыстық ашық волейбол турнирі өтті. Аталған жарысқа қатысқан ТФ-201 тобының студенті Рахимғалиев Әліби Қайрғазыұлы өз командасымен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетіп, І орын иеленді.
Бұл жетістік Әліби Қайрғазыұлының спортқа деген табандылығы мен кәсіби дайындық деңгейінің айқын көрінісі болып табылады. Жарыс барысында көрсеткен шеберлігі мен командалық ойын үлесі команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.
Рахимгалиев Әліби Қайрғазыұлыны жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа биіктер мен жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдіреміз.