news

«Үздік шабуылшы» аталымының иегері.

2025-11-15 | Спорт

2025 жылғы 15 қарашада КСРО спорт шебері, еңбек ардагері Жорабаев Пернебек Қасымбекұлының құрметіне арналған волейболдан ашық аудан чемпионаты өтті. Аталған спорттық іс-шараға қатысқан ТФ-201 тобының 4-курс студенті Рахимғалиев Әліби Қайрғазыұлы жоғары деңгейдегі ойын шеберлігін көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды.

Бұл марапат Әліби Қайрғазыұлының волейбол спортындағы кәсіби дайындығының, тактикалық ойынының және жарыс барысында көрсеткен белсенді қимылының жоғары деңгейін айқындайды. Студенттің бұл жетістігі оның спорттық әлеуетінің мықтылығын дәлелдеп қана қоймай, университетіміздің намысын абыроймен қорғап жүргенін көрсетеді.

Рахимғалиев Әліби Қайрғазыұлын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестер мен жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдіреміз.

Бөлісу