news

Әліби Рахимғалиев – волейболдан облыстық деңгейдегі жарыстың жеңімпазы

2025-10-18 | Құттықтау

2025 жылғы 18 қазанда Семей қаласында өткізілген қалалық микс-волейбол жарысының қорытындысы бойынша ТФ-201 тобының 4-курс студенті Рахимғалиев Әліби Қайрғазыұлы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өз командасымен бірге І орынға ие болды.

Аталған спорттық іс-шара Семей қаласының тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жастардың салауатты өмір салтын ұстануын ынталандыруға бағытталған. Жарыс барысында Әліби Қайрғазыұлы кәсіби дайындық деңгейін, ойын тактикасын тиімді қолдану қабілетін және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетіп, команданың жалпы жеңісіне елеулі үлес қосты. Қорытынды кезеңде жеңімпаз команда арнайы грамотамен марапатталды.

Рахимғалиев Әліби Қайрғазыұлының бұл жетістігі оның спорттық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Алдағы уақытта студенттің ғылыми-оқу және спорттық қызметтегі табыстары арта түседі деп сенім білдіреміз.

Бөлісу