Ғылым | Халықаралық конференцияға қатысу
news

Халықаралық конференцияға қатысу

2025-10-10 | Ғылым

 

 

 

 

«Шәкәрім университеті» «Техникалық физика» мамандығының 2-курс докторанттары Кашикбаев Ержан және Агатанова Алина, 2025 жылғы 6–10 қазан аралығында Курчатов қаласында ҚР ҰЯО базасында өткен «Семей сынақ полигоны: ғылыми-техникалық әлеуеттің мұрасы мен даму перспективалары» атты XI Халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Докторанттар өз баяндамаларында сутегі энергетикасын дамыту және басқарылатын термоядролық синтез салаларындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Ержан Кашикбаевтың баяндамасында КТМ токамагындағы плазманы диагностикалау үшін томсондық шашырау жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды. Бұл жүйе плазманың электрондық температурасы мен тығыздығының кеңістіктік және уақыттық профилдерін өлшеуге мүмкіндік береді. Аталған әдіс плазманы диагностикалаудың ең дәл әрі кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі екендігі атап өтілді.

Алина Агатанованың баяндамасы микротолқынды разряд жағдайында метанның пиролизі кезінде алынған көміртекті материалдарды синтездеу және зерттеу нәтижелеріне арналды. Зерттеу барысында разряд қуатын өзгерту үлгілердің морфологиясы мен кеуектілігіне әсер ететіні көрсетілді. Төмен қуат кезінде жоғары меншікті беті бар мезокеуекті құрылымдар түзіледі, ал қуатты арттыру бөлшектердің іріленуіне және графитке ұқсас құрылымдардың қалыптасуына әкеледі. Алынған нәтижелер энергия үнемдеуші технологиялар мен катализаторлар, литий-ионды батареялар және газды тазалау жүйелері үшін көміртекті материалдар жасауға мүмкіндік береді.

 

 

Бөлісу