• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

🌍 ЭКОЛОГИЯ, ҒЫЛЫМ, ПРОГРЕСС! 💡

2025-02-24 | Ғылым

Shakarim University-дің Химия және экология кафедрасында «Биологиялық белсенді заттарды жасау үшін биополимерлер мен нанобөлшектерді қолдана отырып хлорелла культурасын химиялық модификациялау технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы іске асырылуда.
Жобаның идеясы - биополимерлерді және нанобөлшектерді пайдалана отырып, хлорелла өсірудің химиялық модификациясының инновациялық технологиясын әзірлеу. Бұл зертханалық және өндірістік жағдайларда биомасса өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бастама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалары бойынша гранттық қаржыландыру есебінен жүзеге асуда.
Жобаның жалпы құны - 75 780 511 теңге.
Жоба экологиялық таза, аз шығынды, ресурстарды үнемдейтін ауыл шаруашылығындағы жануарлар мен құстарға арналған азық қоспасын, сондай-ақ биологиялық белсенділігі бар топырақ биотыңайтқышын және өсімдік тұқымдарының өміршеңдік биостимуляторын әзірлеуге арналған.
Хлорелла микробалдыры ақуыздарға, көмірсуларға, майларға, В дәрумендеріне, минералдарға және антиоксиданттарға бай. Ол жануарлар мен құстардың рационына жемдік қоспа ретінде, топыраққа арналған биотыңайтқыш және тұқымның өміршеңдігінің өсу биостимуляторы ретінде кешенді қолданылады.

Бөлісу