«Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» кураторлық сағаты
2025-02-10 | Жаңалықтар
Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінде “Техникалық физика және жылуэнергетика” кафедрасының топтары арасында «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсінік беру, кибершабуылдардан сақтанудың тиімді әдістерін үйрету және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру._1740465048.jpeg)
Сабақ барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, интернеттегі қауіпсіздікті сақтау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.