
"Табиғатқа жанашырлық!"
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз! ☘️
🔹 29 қазанда Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің «Химия және экология» кафедрасы табиғатты қорғау мақсатында “Мен табиғатты қорғаймын” атты ерекше көрме ұйымдастырды.
🌿 Көрмеге қатысушылар табиғаттың сұлулығын тамашалап қана қоймай, экологиялық мәселелердің өзектілігі туралы маңызды ақпарат алды. Іс-шара барысында ластанған өзендер, кесілген ормандар және ауаның ластануы сияқты проблемалар көтеріліп, олардың алдын алу жолдары ұсынылды.
🔹 Көрме төрт бөлімнен тұрды:
1️⃣ “Табиғат әлемі”
2️⃣ “Экологиялық макет таныстыруы”
3️⃣ “Бізге қосыл”
4️⃣ “Болашаққа үлесіміз”
💡 Кафедра студенттері табиғатты қорғауға арналған ерекше макеттерін және жобаларын ұсынды.
Табиғатты қорғау үшін бірлесе әрекет етіп, болашағымызды бірге жарқын етейік! ☘️

