news

Shakarim University-де ядролық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті

2026-09-28 | Ғылым

2026 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында Shakarim University-де Women in Nuclear Central Asia (WINCA) желісінің ядролық қауіпсіздікті ілгерілетуге, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға арналған жыл сайынғы кездесуі - Semey Forum 2026 өтті.

Форум Орталық Азия және басқа да мемлекеттердің сарапшыларын, ғалымдарын, халықаралық ұйымдар, жоғары оқу орындары мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдерін біріктірді. Эсселердің халықаралық байқауының қорытындысы бойынша «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының аға оқытушысы Акбота Хажидинова бірінші орынды иеленді. Байқау жұмысы мазмұндылығы, терең талдауы және ядролық қауіпсіздік, ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану мен өңірлік ынтымақтастық саласында ұсынылған идеялардың өзектілігі үшін жоғары бағаланды.

Форумға «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Маратбеков Мадияр Русланұлының қатысуы ерекше назар аударуға лайық. Ол оқудың алғашқы жылынан бастап ядролық энергетиканың өзекті мәселелеріне қызығушылық танытып, халықаралық сараптамалық алаңның жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Отандық және шетелдік жетекші мамандардың баяндамаларымен танысу жас қатысушының кәсіби дамуы мен ғылыми дүниетанымын кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

«Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасы оқытушысы мен студентінің Semey Forum 2026 жұмысына қатысуы ғылыми қызығушылықтар сабақтастығын және білім алушылардың бірінші курстан бастап кәсіби ортаға белсенді тартылып отырғанын көрсетеді.

Semey Forum 2026 кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және ядролық қауіпсіздік пен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Semey Forum 2026 форумының өткізілуі және Shakarim University өкілдерінің қатысуы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы құзыреттерді және халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды дамыту арқылы ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 7 «Қолжетімді және таза энергия», ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Бөлісу