Мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандары сәтті өткізілді
2025–2026 оқу жылының қорытынды аттестаттау кестесіне сәйкес 6В05303 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының «Техника және төменгі температуралар физикасы» білім беру траекториясы бойынша бітіруші курс студенттері мемлекеттік емтихан тапсырды.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында студенттер оқу барысында меңгерген теориялық білімдері мен кәсіби құзыреттерін көрсетті. Емтихан сұрақтары техникалық физика саласындағы негізгі пәндерді қамтып, білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін бағалауға бағытталды.
Емтихан барысында түлектер физикалық процестерді талдау, инженерлік есептерді шешу, заманауи технологияларды қолдану және төменгі температуралар физикасы саласындағы білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Комиссия мүшелері студенттердің кәсіби дайындығын, ғылыми-техникалық ойлау қабілетін және мамандық бойынша құзыреттіліктерін оң бағалады.
Мемлекеттік емтиханның сәтті өтуі түлектердің алған білімдерінің сапасын және олардың болашақ кәсіби қызметке дайын екендігін айқындайды.
Бітіруші түлектерімізді мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтаймыз және алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!