news

Магистранттар ҰЯО базасында магистрлік диссертацияларын сәтті қорғады

2026-06-10 | Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) базасындағы «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының филиалында 7М05302 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы магистранттардың магистрлік диссертацияларын қорғауы өтті.

Қорғау барысында магистранттар ядролық физика, реакторлық технологиялар және энергетикалық қондырғылар саласындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Аттестаттау комиссиясының мүшелері ұсынылған зерттеулердің жоғары дайындық деңгейін, ғылыми жаңалығын және практикалық маңыздылығын атап өтті.

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша магистранттар өздерінің біліктіліктерін сәтті дәлелдеп, ядролық технологиялар мен энергетика салаларындағы ғылыми және кәсіби қызметке дайын екендіктерін көрсетті.

Түлектерді магистрлік диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз және ғылым мен кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу