news

Атом саласының болашақ мамандары дипломдық жобаларын сәтті қорғады

2026-06-10 | Жаңалықтар

2026 жылғы 9–10 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) базасындағы «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының филиалында 6В05303 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» бағыты бойынша білім алушылардың дипломдық жобаларын қорғауы және мемлекеттік емтихандарды тапсыруы өтті.

Түлектер ядролық энергетика мен реакторлық технологиялар саласындағы алған білімдері мен кәсіби құзыреттерін сәтті көрсетті. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша студенттер атом саласы мен ғылыми-зерттеу бағытында кәсіби қызмет атқаруға дайын екендіктерін дәлелдеді.

Түлектерді оқу жолындағы маңызды кезеңді сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз және кәсіби қызметтерінде толағай табыс тілейміз!

Бөлісу