Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы: тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер!
2024 жылғы 1-15 сәуір аралығында «Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Баяхметова Булбул Баяхметқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Alikhan Bokeikhan University» университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасында (Семей қаласы) тәжірибе алмасты.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде Булбул Баяхметқызы 3 курс студенттеріне, 6В01509 «Химия-биология» білім беру бағдарламасы бойынша МЕ-101 тобында «Химияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Сабақтарда білім алуды тиімді ету үшін әртүрлі оқыту әдістері қолданылды: консультациялар, пікірталас дәрістері, проблемалық дәрістер, кейс-тапсырмалар, тестілер және презентациялар.
🤝 Осындай ынтымақтастық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби дамуына ықпал етеді.
🌟 Біздің оқытушылардың кәсібилігі мен ізденімпаздығы мақтанышымыз!