Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі магистрді дайындау бойынша білім алушыларға теориялық оқудың 60-тан кем емес академиялық кредитін меңгеру болып табылады, соның ішінде 35 кредит теориялық оқуға, оның ішінде 10 кредит өндірістік практикаға, 13 кредит эксперименттік-зерттеу жұмысына және 12 кредит магистрлік жобаны рәсімдеу және қорғауға арналады. Базалық пәндер (БП) цикл 10 академиялық кредиттен тұрады, соның ішінде 6 кредит жоғары оқу орны компоненттер және 4 кредит таңдау бойынша пәндерден тұрады. Бейіндеуші пәндер (БП) циклі 25 академиялық кредиттен тұрады (өндірістік практиканы қосқанда), оның 5 академиялық кредиті жоғары оқу орны компоненттер және 20 кредиті таңдау бойынша компоненттер пәндері. Барлығы 60 кредит. Элективті пәндер пәндерді оқудың логикалық реттілігін ескере отырып курстар және семестрлер бойынша таратылған.
1 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік«7M05303 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміӨндірістік зертханалардың, аналитикалық, экологиялық, кеден, санитралы-эпидемиологиялық, сертификациялаушы қызметтердің менеджері Ғылыми-зерттеу институттарында және химилық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өндірісі салаларында инженер; Орталық-зауыттық зертханаларда, бақылаулық-аналитикалық қызметтер мекемелерінде, стандарттау және сертификаттау орталықтарында; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдарында маман; Химик -эксперт Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылы 21 мамыр айында бекіткен №201 бұйырығы негізіндегі басшылар, мамандар және де басқа да қызметкерлердің Біліктілік анықтамасының талаптарына сәйкес
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласы• Химиялық құбылыстарды және процестерді қолдануға байланысты ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық салаларындағы кешенді тапсырмаларды шешу • Табиғатта жүретін және зертханалық жағдайларда жүргізілетін химиялық процестерді зерттеуге қатысу, олардың жүруінің жалпы заңдылықтарын және оларды басқарудың мүмкіншіліктерін қарастыру
-
Кәсіби қызмет нысаны• химилық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өндірісі салаларының ғылыми зерттеу институттары; • білім беру, химиялық өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік басқару ұйымдары; • бақылаулық-аналитикалық қызмет ұйымдары, стандарттау және сертификаттау орталықтары; • табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ұйымдар; • сот және соттық-медициналық экспертиза жүйелері
-
Кәсіби қызмет түрлері• ғылыми-технологиялық • ұйымдастырушылық-басқарушылық; • әдістемелік • жобалық • эксперттік
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіби шетелдік терминологияны және коммуникациялық дағдыларды, кәсіби қызметте өзара тиімді әрекетті және шешім қабылдауды қамтамасыз ететін менеджмент және басқару психологиясы саласындағы білім мен дағдыларды меңгереді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Магистрант физикалық химия, радиохимия және экологиялық химияны қоса алғанда, химияның іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша терең білімге ие. Қоршаған ортаның жай-күйін бағалау және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін радиохимиялық және экологиялық әдістерді, соның ішінде заманауи талдау технологияларын қолдана алады.Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және химиялық зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және кәсіби міндеттерді орындауға дайын.