• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M05301 - Химия
М089 Химия білім беру бағдарламаларының тобы 7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет» КЕАҚ жүзеге асыратын білім беру бағдарламасы аумақтық еңбек нарығы қажеттілігін, ҚР ҒЖБМ нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыру үшін құжаттар жүйесін құрайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
Мақсаты
Жоғары білім берудің, ғылыми-зерттеу және өндірістік салалар үшін тереңдетілген білім беру, әдістемелік және ғылыми-зерттеу дайындығына ие, қоғамды ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға қабілетті жоғары квалификацияланған ғылыми, ғылыми-педогогикалық және басқару салаларындағы кадрлерін дайындау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7M05301 – Химия білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Жоғарғы және орта оқу орындарында химия мұғалімі; білім беру ұйымдарында әдістемелеуші; Өндірістік зертханалардың, аналитикалық, экологиялық, кеден, санитралы-эпидемиологиялық, сертификациялаушы қызметтердің менеджері Ғылыми-зерттеу институттарында және химилық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өндірісі салаларында ғылыми қызметкер; Орталық-зауыттық зертханаларда, бақылаулық-аналитикалық қызметтер мекемелерінде, стандарттау және сертификаттау орталықтарында; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдарында маман;
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
    • Химиялық құбылыстарды және процестерді қолдануға байланысты ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық салаларындағы кешенді тапсырмаларды шешу • Табиғатта жүретін және зертханалық жағдайларда жүргізілетін химиялық процестерді зерттеуге қатысу, олардың жүруінің жалпы заңдылықтарын және оларды басқарудың мүмкіншіліктерін қарастыру
  • Кәсіби қызмет нысаны
    • химиялық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өндірісі салаларының ғылыми зерттеу институттары; • химилық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газ және көмір өндірісітерінің орталық-зауыттық зертаханалары; • мемлекеттік және мемлекеттік емес профильдің жоғарғы оқу орындары, колледждер, гимназиялар; • білім беру, химиялық өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік басқару ұйымдары; • бақылаулық-аналитикалық қызмет ұйымдары, стандарттау және сертификаттау орталықтары; • табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ұйымдар; • сот және соттық-медициналық экспертиза жүйелері
  • Кәсіби қызмет түрлері
    тәжірибелік-зерттеулік; • ғылыми-зерттеулік; • білім берушілік (педагогикалық); • ұйымдастырушылық-басқарушылық; • әдістемелік • жобалық • эксперттік