Білім беру бағдарламалары
8D05301 - Химия
D089 Химия білім беру бағдарламаларының тобы 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді
Кіріспе
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет» КЕАҚ жүзеге асыратын білім беру бағдарламасы аумақтық еңбек нарығы қажеттілігін, ҚР ҒЖБМ нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыру үшін құжаттар жүйесін құрайды.
Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі PhD докторды дайындау бойынша білім алушыларға білім беру компоненттернің 45-тен кем емес академиялық кредитін меңгеру болып табылады, соның ішінде 20 кредит практикаға, 123 академиялық кредит ғылыми-зерттеу жұмысына және 12 кредит қорытынды аттестациялауға, яғни докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғауға арналады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл
Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі PhD докторды дайындау бойынша білім алушыларға білім беру компоненттернің 45-тен кем емес академиялық кредитін меңгеру болып табылады, соның ішінде 20 кредит практикаға, 123 академиялық кредит ғылыми-зерттеу жұмысына және 12 кредит қорытынды аттестациялауға, яғни докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғауға арналады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл
Мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білім беру, жоғарғы оқу орынынан кейіңгі білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік салалар үшін, тереңдетілген білім беру, әдістемелік және ғылыми-зерттеу дайындығына ие, жоғары квалификацияланған мамандарды дайындау болып табылады.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік«8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміЖоғарғы оқу орынында химия мұғалімі; Ғылыми қызметкер; Инженер-химик; химик-технолог;
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі8
-
Кәсіби қызмет саласыБілім беру бағдарламасының түлегі - философия докторы, химия және жаратылыстану ғылымдарының аралас пәндерінің теориялық және қолданбалы тапсырмаларының жиынтығын қамтитын, ғылым, ғылыми технологиялар және химиялық білім беру салаларында, жаңа материалдар индустриясында, соның ішінде, наноқұрылымды материалдар, энергияның жаңа көздері, синетикалық композиттер мен талшықтар, берілген қасиеттерге ие басқа да материалдар өндірісінде жұмыс істей алады
-
Кәсіби қызмет нысаныКәсіби қызметтің нысандары химиялық, физикалық, физика-химиялық, жылулық процестер, макро-, микро- және наножүйелер және материалдар, өндірістің және ғылыми зерттеудің аппараттары мен автоматтандырылған жүйелері, инновациялық жобалар болып табылады
-
Кәсіби қызмет түрлері• химия және аралас ғылымдар саласындағы білім беру (педагогикалық) қызмет; • химия және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеушілік қызмет; • химия және аралас ғылымдар саласындағы өндірістік-технологиялық қызмет;; • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; • жобалық қызмет.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Химияның ғылыми аспектілері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Зерттеушілік және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін химиялық ғылымның теориялық, әдістемелік және әдіснамалық аспектілерін іргелі білетіндігін көрсету
Модуль 2.Химия ғылымының дамуының заманауи аспектілері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Өзекті ғылыми және практикалық қосымшаларда химияның басым бағыттарын қолдану