Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В05301 - Химия
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміХимик; инженер-химик; химик-технолог; химик-зертханашы(жоғары оқу орындарының зертханаларында, ҒЗИ-химиялық, экологиялық және т. б. бейіндегі; химия саласы кәсіпорындары); фармацевт-аналитик; химик-эколог;орта жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби оқу орындарының оқытушылары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21 мамырдағы Қазақстан республикасының 2012 жылғы №201-ө-м басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің квалификациалық лауазым анықтамасының талаптарына сәйкес және т. б. қызметтер
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы• білім беру, ғылым және экология сферасы; • химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер салалары, • аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің, ғылыми-зерттеу мекемелері (институттар, зертханалар), •химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі өндірістік зертханалары
-
Кәсіби қызмет нысаны• химиялық заттар мен материалдар; • химиялық, физикалық, физика-химиялық және жылулық процестер • заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау әдістері және аспаптары; • қоршаған ортаның жай-күйін бағалау құралдары мен әдістері
-
Кәсіби қызмет түрлері• эксперименттік-зерттеу; • ғылыми-зерттеу; • өндірістік-технологиялық; • ұйымдастыру-басқарушылық; • білім беру (педагогикалық); • мәдени-ағартушылық
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Математикалық әдістер мен физика заңдарын практикалық қызметте қолдана алады, логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын және ғылыми ұғымдарды түсіну деңгейін көрсетеді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіби міндеттерді шешу үшін химияның іргелі бөлімдерінің теориялық негіздерін қалыптастырады және түсіндіреді, химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын, заттардың құрылымын және химиялық процестердің заңдылықтарын түсінеді, сондай-ақ практикалық қызметте химиялық эксперименттер жүргізу, заттарды синтездеу және талдау дағдыларын көрсетеді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Жаңа химиялық заттар мен арнайы мақсаттағы материалдарды синтездеу, түрлендіру және алу технологиясы әдістерін меңгереді, сондай-ақ шикізат пен өнімге химиялық талдау жүргізу әдістерін таңдауға дағдыланады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Физика-химиялық талдау әдістерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қолданады, эксперименттік мәліметтерді дұрыс талдап, аппараттық жабдықтардың мүмкіндіктерін бағалай алады, сондай-ақ қолданбалы химия бойынша білімдерін кәсіби қызметте пайдаланады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Педагогика мен химияны оқыту әдістемесі саласындағы білімдерге ие, білім беру теориясы мен практикасының негізгі ұғымдарын көрсетеді, сондай-ақ кәсіби педагогикалық қызметте іргелі химиялық білімдерді қолдана алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми ойлау қабілеті мен ғылыми-өндірістік сипаттағы міндеттерді шешу дағдыларын қолданады, техногендік жүйелер мен иондаушы сәулеленудің экожүйелерге әсерінің ықтимал салдарын бағалайды, сондай-ақ қолданбалы және зерттеу тапсырмаларын шешу үшін практикалық дағдыларын көрсетеді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері: