• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Ғылыми шеберлікке қадам»

2024-10-15 | Жаңалықтар

🔹 «Химия және экология» кафедрасында Хельсинки университетінің (Финляндия) профессоры Владимир Олегович Асеев магистранттар мен докторанттарға арналған «Ғылыми мақала жазу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс мақсаты – ғылыми мақаланың құрылымын дұрыс қалыптастыру және ғылыми тілде жазудың ерекшеліктерін түсіндіру.
🔹 Сонымен қатар, профессор В.О. Асеев кафедраның 4 докторантына шетелдік ғылыми кеңесші ретінде диссертациялық жұмыстарын талдап, зерттеу әдістері мен мақалаларды жазу бойынша құнды кеңестер берді.
🔹 Магистранттар мен докторанттар дәріс барысында ғылыми мақалаларды жазу және жариялау тақырыптарына қатысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

 

Бөлісу