«Ғылымдағы халықаралық тәжірибе алмасу»
Шетелдік ғылыми тағылымдама
🔸 2024 жылдың 13-18 қазан аралығында Химия және экология кафедрасының аға оқытушылары, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.С. Қасымова және химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Л.К. Оразжанова Памуккале университетінің (Денизли қ., Түркия) химия кафедрасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
🔹 Тағылымдама тақырыбы: «Нанобөлшектерді зерттеудің инструменталды әдістері». Зерттеу АР23488216 «Биологиялық белсенді заттарды жасау үшін биополимерлер мен нанобөлшектерді қолдана отырып, хлорелла культурасын химиялық модификациялау технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылды.
🔸 PhD Корая Саркая жетекшілігімен ғалымдар нанобөлшектер мен хлорелла балдырларының химиялық құрамын FTIR әдісімен зерттеп, зерттеу әдістемесіне қатысты кеңестер алды. Тағылымдама нәтижесінде Ж.С. Қасымова мен Л.К. Оразжановаға халықаралық сертификаттар табысталды.
🌟 Ғалымдарымызға ғылыми жолда үлкен жетістіктер мен сәттілік тілейміз!