«Ғылыми тәжірибе алмасу: польшалық ғалыммен бірлескен жұмыс»
⚜️Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің “Химия және экология” кафедрасына Польша Ғылым Акедемиясының өсімдіктер генетикасы институтының қауымдастырылған профессор (Joanna Cerazy-Waliszewska) Юоанна Церази Валисзевска бір айлық іс-сапармен келді. Бұл іс-сапарда ғалым өзінің ғылыми тәжірибесімен кафедрамыздың оқытушыларымен және білім алушыларымен бөліспек. Алғашқы дәрісінде Юоанна европалық білім және ғылым туралы ақпарат берді. Яғни батыс институттарының зерттеу бағыты жайлы, қандай ғылыми жобаларды жүргізуге мүмкіндік бар екеніне кеңінен тоқталып өтті.
⚜️Сонымен қатар, өзі айналысып жатқан ғылыми жобалары жайлы да айтып кетті. Ғылыми жобасында Юоанна токсинді мышьяк металының мискантус өсімдігіне әсерін қарастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш тақырып бойынша зерттеу жүргізуінің бірден бір себебі, туған жері Польшаның бір аймағында мышьякпен ластану мәселесі бар екендігімен түсіндірді. Осы жоба нәтижесінде мышьяктың қоршаған ортаға, өсімдіктерге және де тірі ағзаға қандай әсері бар екеніне баға берді.
⚜️Алдағы уақытта Юоанна кафедра мүшелеріне әр түрлі тақырыптарда дәрістер жүргізеді. Нақтылап айтсақ, ғылыми мақалаларды халықаралық рецензияланатын басылымдарға жариялау жөнінде, ғылыми жобаларды жазудың қыр-сырлары тақырыбында дәрістер оқылмақ. Сонымен қатар қазіргі ғылыми тенденцияларға тоқталып, бағыт бағдарларымен таныстырады. Польшалық ғалым ғылыми серіктестіктерге өзінің серіктестік қарым-қатынастарға ашық екенін білдірді.