«Ұстаздардың еңбегіне құрмет – Шәкәрім университетінің марапаттау рәсімі»!
🔸2024 жылдың 1 қазанында Шәкәрім университетінде «Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күні» қарсаңында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер қатысты.
Ғылыми кеңес отырысында Басқарма Төрағасы – Ректор Орынбеков Думан Рымғалиұлы баяндама жасап, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерді марапаттап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
🔹Марапатталғандар арасында «Химия және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қасымова Жанар Сайлаубековна «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Химия және экология» кафедрасының аға оқытушысы Нургалиев Нуржан Нурлыбекович «Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғысы» марапатын иеленді.
🔸Бұл марапаттар ұстаздарымыздың ғылымдағы үздік жетістіктерін, олардың жоғары кәсіби деңгейін айқындап, жас ғалымдар мен студенттер үшін үлгі боларлық тұлға екенін көрсетеді.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, толайым табыстар тілейміз!