• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

“Химия және экология” кафедрасы

2024-07-30 | Жаңалықтар

“Химия және Экология” кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша мамандар даярлайды: 

▪️Бакалавриат: 

– «6В05301 - Химия»;

– «6В05201 - Экология»; 

– «6В11201 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау». 

▪️Магистратура: 

– «7М05301 – Химия» 

▪️Докторантура PhD: 

– «8D05301 - Химия». 

Студенттерді оқытудың жоғары стандарттарын үлкен практикалық және ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар білікті профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-көмекші персонал анықтайды. Химия және Экология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы конкурстық бағдарламаларға белсенді қатысады, соның ішінде “ЖОО үздік оқытушысы”, “Жас ғалым”, “Bolashak” гранттарының иегерлері болып табылады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен тиімділігі, олардың білім берудегі қазіргі тенденцияларға сәйкестігі бойынша білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы болып табылады. Академиялық ұтқырлық аясында білім алушылардың теориялық және практикалық дайындыққа шығу мүмкіндігі бар. Кафедра білім алушылары СҒЗЖ республикалық конкурстарының, Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болып табылады, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады. Білім беру бағдарламасының тиімділігінің маңызды көрсеткіші жұмысқа орналастырылған түлектердің 90% үлесі болып табылады.

 

 

 

 

 

Бөлісу