• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР КҮНІ !

2024-04-25 | Құттықтау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР КҮНІ

🔸Инженерлік-технологиялық факультетінің “Химиялық технология және экология” кафедрасында доцент Л.В. Скрипникова мен оқытушы Г. Б. Сәрсенбаеваның жетекшілігімен 6В05201 - “Экология” білім беру бағдарламасының бірінші курс ЭЛ-301тобының білім алушылары арасында Халықаралық Жер күніне арналған зияткерлік викторина өткізілді.
🔸Іс-шараның мақсаты-жұртшылықты планетаның бар және ықтимал мәселелеріне тарту, жердегі бейбітшілік пен тіршілікті сақтау, адам мен мәдениетті сақтау үшін әрекет етуге шақыру. 22 Сәуір -“Халықаралық Жер Күні” тақырыбында презентация ұсынылды. Онда жер күнінің символы, туы, дәстүрлері қарастырылды. Және де зияткерлік викторина өткізілді, ол үшін білім алушылар “Табиғи қорғаушылар” және “Жерді сақшылары” болып екі командаға бөлініп, “Блиц-сауалнама”, “Кім жылдам?”, “Brainstorming”, “Табиғат білгірлері” атты 4 раундтан тұратын сұрақтарға жауап берді.
🔸50: 170 ұпаймен экология саласындағы тамаша білімін ғана емес, жалпы эрудиция мен жоғары интеллектті де көрсеткен “Жер сақшылары” командасы жеңіске жетті.

 

Бөлісу