• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
announcement

Семинар "Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялар: практика және нәтиже"

2023 жылдың 27 сәуірінде "Химиялық технология және экология" кафедрасында "Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялар: практика және нәтиже" тақырыбында ПОҚ, докторанттар мен магистранттар үшін ұйымдастырылған семинар өтті. Тыңдаушылар алдында б.ғ.к., доцент Ж.С. Қасымова баяндама жасап, кәсіби-бағдарланған оқытуда инновациялық әдістерді қолдану жоғары білікті мамандарды ынталы, шығармашылық даярлаудың қажетті шарты болып табылатынын атап өтті. Кафедраның оқытушылары дәрістер оқу, ЗПС өткізу, БӨЖ және БОӨЖ ұйымдастыруда 6В05301, 7М05301, 8D05301-«Химия», 6В05201-"Экология", 6B11201 - "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау", 6В07107-«Бейорганикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы» БББ білім алушылары үшін оқытудың белсенді әдістерін қолданылады: дәріс-визуализация, проблемалық дәріс, миға шабуыл, кейс-study, ғылыми-іздестіру эксперименті, Google-формасындағы тест, ғылыми шолу мен эксперименттік мақалалар жазу, моделдік макеттер жасау және т.б.