PhD докторларды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 45 кредитін, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 123 кредитін, докторлық диссертацияны рәсімдеуге және қорғауға кемінде 12 кредитін игеру болып табылады.
3 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік«8D05302 Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміИнженер-физик, жоғарғы, І және ІІ категориялы маман, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, оқу саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖЖОКБҰ).
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі8
-
Кәсіби қызмет саласыӨнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым, медицина.
-
Кәсіби қызмет нысаныЭнергетикалық және технологиялық бейіндегі кәсіпорындар мен фирмалар. Ғылыми-зерттеу мекемелері. Медициналық мекемелері. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары. Әкімшіліктер мен министрліктер
-
Кәсіби қызмет түрлеріҒылыми-зерттеу және инновациялық қызметтері. Ұйымдастырушылық-бақылау қызметтері. Білім беруші (педагогикалық) қызмет.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу және сабақтарды өткізу кезінде академиялық және ғылыми-техникалық салаларда жазбаша қарым-қатынас мүмкіндіктерін пайдалану. Зерттеу нәтижелерін және оларды қолдану шегін түсіндіру.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми шығармашылық пен кәсіби іс-әрекетте жылу алмасу құбылыстары мен процестерінің физикалық мәнін түсіндіру. Жаңа буынның ядролық реакторларын әзірлеуде ғылыми көзқарасты қалыптастыру. Заңнама және ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде радиациялық қауіпсіздік мәселесіне заманауи көзқарасты негіздеу. Статистикалық физика және қайтымсыз процестердің термодинамикасы мәселелеріне ғылыми көзқарасты қалыптастыру. Зерттеу қызметіндегі материалдардың жылуфизикасының мәселелері бойынша ақпаратты құрылымдау. Радиациялық қорғау және ядролық материалдарды бақылау саласындағы ғылыми көзқарасты қалыптастыру. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, физикалық зерттеу мәселелеріне заманауи көзқарастарды әзірлеу. Жасанды интеллектті қолдана отырып физикалық процестерді ғылыми зерттеу мәселелерінде заманауи тәсілдерді әзірлеу.