• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Қазақстан Республикасында дуалды жоғары және кәсіптік білім беруді дамыту жолдары: KAZDUAL жобасының тәжірибесі» халықаралық конференциясы

2023-12-08 | Ғылым

Erasmus+ бағдарламасының KazDual жобасына қатысушылар ретінде кафедра қызметкерлері Касымов А.Б. және Степанова О.А. 2023 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Қазақстан Республикасында дуалды жоғары және кәсіптік білім беруді дамыту жолдары: KAZDUAL жобасының тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Бұл үлкен және маңызды жобаның қорытынды конференциясы болды. Кең ауқымды мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Осы жоба аясында Шәкәрім университетінде «Жылу энергетикасы» бакалавриат білім беру бағдарламасы пилоттық халықаралық аккредитациядан өтті.

Бөлісу