Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы | Жаңалықтар
  • logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«ЖАС ФИЗИК – 2023» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ

2023-06-30 | Ғылым

«ЖАС ФИЗИК – 2023» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) және ядролық технологиялар паркі (ПЯТ АҚ) 2023 жылдың маусым айында 50 – ден астам мектеп оқушыларының қатысуымен "Жас физик–2023" жазғы мектебін өткізді.

Бағдарлама өте алуан түрлі болды: практикалық және дәрістік сабақтар, экскурсиялар. Сабақтарды ҚР ҰЯО, ПЯТ АҚ, "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының (Астана қ.) жетекші ғалымдары мен мамандары өткізді. Шәкәрім университетінен жазғы мектепке "Техникалық физика" білім беру бағдарламасының докторанты Әнуар Бектемісов және "материалдардың бетін өзгерту" ғылыми орталығының жетекшісі Ринат Құсайынов қатысты.

Бөлісу